«Әкім», «Елдің баласы»... танымал актер Дархан Дайырбек қайтыс болды
«Әкім», «Елдің баласы»... танымал актер Дархан Дайырбек қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды
Қаралы хабарды режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай Facebook-тағы парақшасында жазды.
 «Бүгін түнде танымал актер Дархан Дайырбек өмірден озды. Біздің студия барлық туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Дархан аға барлық уақытта өте көңілді жүретін, қайырымды еді. Біз оның дәл сондай жарқын бейнесін есте сақтап қаламыз. Дәке, рөлдеріңіз үшін, жұмысқа, адамдарға деген қарым-қатынасыңыз үшін рақмет. Иманды болыңыз!»,– деп жазды Нұртас Адамбай.
Дархан Дайырбек 1968 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеген. Ол «Терісқақпай» театрының артисі ретінде халыққа танылған. Ол кино актері ретінде «Әкім», «Құдалар», «Тамада ісі», «Қазақша тонау» фильмдеріне, «Бастық боламын», «Бақытсыздар бағы», «Елдің баласы», «Күй-ғұмыр» сериалдарына түскен.