Өкінішке қарай, осындай атаулы күні баспаналы болғандардың қуанышын қалың көпшілікпен бөлісудің реті келмеді. Қоныстойына арналған салтанат қысқартылған түрде өткізілді.
Талғар қаласында жалпы ауданы 340 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Солардың құрылысы толық аяқталған үшеуінен берілген 170 пәтердің 61-і халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар санатындағыларға, 34-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға, 55-і көпбалалы отбасыларға, 20-сы мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне бұйырды. Қалған үш үйдегі 170 пәтерге де жақын күндері жаңа қоныстанушылар кіреді. Ал келесі жылы 9 қабатты 5 үйдің (360 пәтер) құрылысы басталады, – дейді Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров.
Болат АБАҒАН, Алматы облысы