Халықпен байланыс арта түспек
Халықпен байланыс арта түспек
162
оқылды

Павлодарда Nur Otan партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауовтың тапсырмасы бойынша, «Халыққа көмек» партиялық жобасын жүзеге асыру аясында облыстық филиалда «Ашық есік күні» өтті.

Шара барысында мемлекеттік орган­дардың (халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әділет, прокуратура, еңбек, халыққа қызмет көрсету орталығы және «Атамекен» ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы) қызмет­керлері халыққа консультациялық-түсіндіру жұмысын өткізді.

Кездесуде 50-ден астам адам Nur Otan Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Николай Дычко мен облыстың мемлекеттік орган­дарының өкілдеріне өздерін тол­ғандырып жүрген сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.

– Мемлекеттік органдардың және әлеуметтік мекемелердің тұрғындармен өзара байланысының артуына, олардың арасындағы қарым-қатынастың жақ­саруына халықпен өткізген кездесулер оң әсер етеді. Әсіресе, «Ашық есік күні» секілді іс-шаралардың жөні бір бөлек. Мұндай кездесулерде түрлі тақырыптағы әңгімелер талқыланып, соның негізінде туындаған сұрақтарға толық жауап беріліп, күрделі мәселелер шешімін тауып жатады. Өңірде жүзеге асырылып жатқан «Халыққа көмек» партиялық жобасы қоғамның сұраныстарына же­дел ден қоюға, оған мемлекеттік орган­дардың назарын аударуға бағытталған. Осыған орай, халықпен тиімді кері байланысты қалыптастыру мақсатында Nur Otan партиясының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Болат Бақауов «Ашық есік күнін» өткізу ту­ралы шешім қабылдады, – деді Н.Дычко.

Еңбек, әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және заң қызметі басқармаларының өкілдеріне халық көп келді. Бірқатар мәселелер бойынша кеңестер мен заң нормаларын түсіндіру сол сәтте жүзеге асырылды, ал одан ары қарауды талап ететін мәселелер мемле­кеттік органдардың бақылауына алын­ды. Партияның облыстық, қалалық және аудандық филиалдарында барлы­ғы екі жүзге жуық өңір тұрғындары қа­былдауда болды.