Хабарды облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов брифингте айтты.
«Өздеріңіз білетіндей, Амандық Ғаббасұлыда коронавирус үш апта бұрын анықталды. Ол емделді, бірақ ентігу мен жүрек жетіспеушілігінің (диагноз – ред.) басталуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-Сұлтан кардиологиялық орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады», – деді Батыржан Байжұманов.Оның айтуынша, қазір әкімнің денсаулығы жақсарып келеді. «Ол жерде ем алып жатыр жағдайы әлдеқайда жақсарды. Ол үнемі спортпен айналысады, денсаулығы мықты. Сондықтан жақын арада ол жазылып, жұмысқа кіріседі», – деді орынбасары.