Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті
Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті
© dvinatoday.ru
172
оқылды
Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 мың теңгеге жетті, - деп хабарлайды Finprom.kz. Сарапшылардың мәліметінше, бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,7 пайызға көп. Мамандардың зерттеуіне сүйенсек, ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында -  39,9 мың теңге. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 36,9 мың теңге болатын. Екінші орында Нұр-Сұлтан тұр. Елордадағы ең төменгі күнкөріс құны 39,5 мың теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,2 пайызға артық. Тізімде үшінші орында Алматы тұр, онда ең төменгі өмір сүру деңгейі 37,3 мың теңгені құрады.