Алматыда 2 жасар баланы аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды
Алматыда 2 жасар баланы аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды
174
оқылды
Алматыда 2 жасар баланы аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған. Автордың айтуынша, бала тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған. «2 жастағы қорғансыз, дәрменсіз бала қазір №1 қалалық ауруханада жатыр. 23 жастағы анасы Кристина Кряжевская баланың көк ала қойдай сабалған суреттерін әкесіне жолдаған. Оның айтуынша, нақсүйері Виктор Маркс баланы аяусыз ұрған. Екі қабырғасын сындырған. Баланың туған әкесі полицияға шағымдануын сұрағанда әйел баланы алып қашып кеткен»,- делінген жазбада. Полиция департаменті баланы ұрған ер адамның ұсталғанын хабарлады. Қазір бұл іспен Алмалы аудандық ПБ айналысып жатыр. «Баланың кім екендігі бірден анықталды. Оның анасы бізбен сөйлесуге құлықсыз болды. 3 жасқа толмаған бала қазір ауруханаға жатқызылды. Қосымша сот медициналық сараптама тағайындалды. Соған сәйкес баланың денсаулығына келтірілген нұқсан көлемі анықталады», - деп хабарлады ПД.