Мұнай тасымалдаудың цифрлық технологиясы
Мұнай тасымалдаудың цифрлық технологиясы
247
оқылды

Сәтбаев университетінің ғалымдары Е.Бейсембетов, Т.Бекібаев, Ұ.Жапбасбаев, Б.Кенжалиев және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның мамандары Е. Махмотов, Б.Саяхов «Өзен–Атырау–Самара», «Құмкөл–Қаракойн» және «Қаракойн–Шымкент» магистральдық мұнай құбырларын­да жоғары тұтқырлы және парафинді мұнай қоспаларын тасымалдаудың цифрлық технологиясын әзірлеп, өндіріске енгізді.

Ғалымдар «Өзен – Атырау –Самара» магистральды мұнай құ­быры бойынша тез қататын мұнай қоспасын «ыстық» айдау әдісінің цифрлы технологиясын жасады. Олардың шешімдері бірнеше сорғы стансаларының және жылыту пеш­тердің орналасуын, мұнай қоспала­рының қасиеттерін және техноло­гия­лық процестердің басқа да фак­торларын ескерген.

Басқа екі бағыт бойынша автор­лар депрессорлық қоспамен тасы­малдаудың цифрландыруын жаса­ған. Депрессорлық қоспаның ша­ғын дозасы мұнайдың тұтқырлығын азайтып, сұйылту деңгейін артты­рып және сорғы қондырғыларының жүктемесін азайтуға көмектескені көрсетілді.

Ғалымдар мұнай қоспаларын тасымалдау мен жылытудың құны бірінші кезекте сорғы қондыр­ғы­лары мен жылу пештерінің жұмы­сына кететін шығынға және олар­дың энергияны тұтынуы мұнай қоспасының ағынын құбыр арқылы жылу-гидравликалық есептеуге байланысты екені көрсетілді.

Авторлар жұмыстың теориялық бөлігінде жылу-гидравликалық есептер үшін математикалық мо­дельдер мен әдістерді және мұнай қоспасын айдауды жоспарлау үшін оңтайландыру критерийлері мен алгоритмдерін құрды.

Жұмыстың қолданбалы бөлі­гінде ғалымдар SmartTran бағдар­ламалық жасақтаманы әзірлеп, «Қаз­ТрансОйл» АҚ-ның БДБЖ (ба­қылау-диспетчерлік басқару жү­йе­сі) және ЭЭКЕАЖ (электр энер­гияны комерциялық есептеудің автоматты жүйесі) ақпараттық жүйелерімен біріктіріп, цифрлық технологияны құрды.

Авторлар жасаған цифрлық тех­нология экономикалық тиімділік­пен жалпы ұзындығы 5 377 шақы­рымды құрайтын 24 технологиялық бөлік, 35 мұнай айдау стансасы, 7 жы­лыту бекеті, 200 сорғы қондыр­ғысы, 67 жылыту пеші бар магис­траль­дық құбырлар бойынша өнді­ріске енгізілді.

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құ­быры бағыттары бойынша мұнай және мұнай қоспаларын тасымал­дауда энергия үнемдеуді ғылыми-тех­никалық қамтамасыз ету» жұ­мы­сы және оның авторлары – Е.Бей­сем­бетов, Т.Бекібаев, Ұ.Жапбас­баев, Б.Кенжалиев, Е.Махмотов, Б.Сая­хов. 2019 жылғы әл-Фараби атын­да­­ғы Қазақстанның ғылым және тех­­ни­ка саласындағы мемле­кеттік сый­­­­­­лығына лайық деп айтуға болады.

 

Салтанбек МҰХАМБЕТЖАНОВ,
физика-математика ғылымдарының докторы,
профессор