Түркістан облысында мобильді топтардың қызметі үшін 5 400 теңгені «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ төлейді. Бұл туралы қордың Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев хабарлады. Асхат Бейсенбаевтың айтуынша, «Мобильді бригадалар ЖРВИ/КВИ/тұмау/пневмония белгілері пайда болған кезде тұрғындардың үйіне барып, ПТР-тестке материал жинайды.
«Сондай-ақ аталған топтардағы науқастарға диагноз қойып, медициналық тексеруден өткізеді. Тұрғындар үшін қызметтің бұл түрі тегін болады. Осы қызметтерді көрсеткен емханаларға ақыны «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ төлейді», – деді филиал директоры.Оның айтуынша, мобильді бригаданың қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, пульсоксиметрлермен және басқа да қажетті көмек көрсету және сол жерде кеңес беру құралдарымен қамтамасыз етілген.