Кәсіпкерлер несие төлеу мерзімін 3 айға дейін кейінге шегере алады
Кәсіпкерлер несие төлеу мерзімін 3 айға дейін кейінге шегере алады
© сурет интернеттен алынды
175
оқылды
Кәсіпкерлер несиелерін төлеу мерзімін 3 айға дейін кейінге шегере алады. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев хабарлады.
«Мемлекеттік комиссия маусым айында бизнесті қолдау жоспарын қабылдады. Оның ішінде бизнестің несиелері бойынша бір шара болды. Яғни, несиені төлеу мерзімін кейінге қалдыру тәртібін қабылдау қарастырылды. Арнайы тәртіп Қаржы нарығын реттеу агенттігімен 15 маусымда қабылданды. Несиені 90 күннен кем емес кезеңге қайта құрылымдау және кейінге қалдыру үшін банктер мен шағын несие ұйымдарына жеке тәртіппен жүгінуге болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Оның айтуынша, сонымен қатар Қаржы нарығын реттеу және даму агентігі қабылдаған қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес, несиенің шегерілуіне байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленген аталған төлемдер кредит тарихының нашарлауына негіз бола алмайды.