Қазақстанда коронавирустан 16 адам өлімі тіркелді, - деп хабарлайды Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.
Портал мәліметінше, елде коронавирустан қайтыс болғандар саны 280-ге жеткен. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 264 адам өлімі тіркелгенін хабарлаған болатын. Әзірше ведомстводағы ақпарат жаңарған жоқ.