Трансферлік терезе жабылды
Трансферлік терезе жабылды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында трансферлік терезе жабылды. Бұл туралы кәсіпқой футбол лигасы өзінің ресми сайтында жария етті. Бұл – маусымдағы екінші трансферлік кезең.

Жазғы трансфер терезесі 26 мау­сымда ашылып, 26 шілдеге қараған түні жабылды. Коман­далардағы ауыс-түйіс жағдайы төмендегідей:

«Астана» сапынан Данил Подым­ский, «Ертіс» қатарынан Рейнальдо Силва, Александр Заруцкий, Руслан Мингазов, Мадияр Рамазанов және қақ­пашылар бапкері Вячечлав Котляр кетті. «Қайрат» Самат Сәрсенов­пен, Ян Вороговскиймен, «Қайсар» Кларенс Битангпен қош айтысты. Бұл ретте Янның бельгиялық «Беерсхот» клубына ауысып бар­ғанын да айта кету керек.

Көкшелік «Оқжетпес» қата­рында Миллер Родерик пен Бобко Ивандар карьерасын басқа клубта жалғастыратын болды. Ал талай та­ланттарды түлетіп ұшырған «Тараз» клубы Павел Шабалин, Самат Сәрсенов, Александр Сим­чевич сияқты ойыншыларды өз қатарына қосты. Еуропа лига­сындағы өрескел жеңілістен кейін «Тобылдың» бас бапкері Владими Газзаев те отставкаға кеткен еді. Сонымен қатар оның көмекшілері Николай Латыш пен Андрей Ми­ро­шниченко да қызметтен кетті.

«Астана» өз қатарын ислан­диялық Рунар Сигурйонссон және конголық Фирмин Мубелемен күшейтсе, «Қайрат» Еркебұлан Сейдахметті сатып алды.