Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарында қатты ыстық болады
Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарында қатты ыстық болады
© сурет интернеттен алынды
Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарында қатты ыстық болады, - деп хабарлады Қазгидромет РМК. 9 шілдеде түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 9 шілде күндіз Маңғыстау облысында 38-42 градус қатты ыстық сақталады. 9 шілдеде күндіз Қостанай облысының батысында 36 градус қатты ыстық болады.