Рональду Неймардың «Ювентусқа» келуіне рұқсат берді
Рональду Неймардың «Ювентусқа» келуіне рұқсат берді
156
оқылды

Туриндік «Ювентустің» шабуылшысы Криштиану Роналду франциялық «ПСЖ» клубының шабуылшысы Неймардың Туринге келуіне рұқсат ететінін хабарлаған.

Сенімді дерек көзінің мәліметі бойынша, соңғы уақытта бірлескен акциялар мен жарнамалық роликтерге қатысқан қос футболшының өзара қарым-қатынасы жақсара түскен. Роналдудың ойынша, ол Неймармен бірге жасыл алаңда өзара үндесіп ойнай алады. Бразилиялықтың «Ювентуске» келуі команданың Чемпиондар лигасындағы қарымын арттыра түседі.

Бұған дейін италиялық клуб Неймарды алу үшін жартылай қорғаушы Блез Матюиди мен шабуылшы Паоло Дибаланы «ПСЖ»-ға аттандыруға дайын екенін мәлімдеген.

Бразилия құрамасының шабуылшысынан мадридтік «Реал» да үмітті. Мадридтік клуб шабуылшыны алу үшін 90 миллион евро және Гарет Бэйлді қоса ұсынған. Ал Неймардың өзі байырғы клубы «Барселонаға» қайта оралуды теріс көрмейді. Алайда каталониялық және париждік клуб арасындағы салқындыққа байланысты бұл трансфердің жүзеге аса қоюы екіталай. Сондықтан да шабуылшы қазір басқа нұсқаларды қарастыруда.