Полицейлердің хабарлауынша, кішкентай сәби мен ананың аты-жөні бірден анықталды. Бірақ баланың анасы бұл жайында сөз қозғағысы келмеді.
Алайда 3 жасар бала жедел ауруханаға жатқызылды. Қазір ол дәрігердің бақылауында. Алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.Алматы полиция департаменті хабарлағандай, күдікті ер адам 1988 жылғы екен. Ол сәбидің анасының бұрынғы серігі болған. Тергеудің осы кезеңінде ер адамның әрекетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110 бабы 2 тармағына сәйкес анықталған қаралуда.