Бұл қаржы нарығын реттеу агенттігінің ережесімен бекітілген. Егер банктер мен шағын несие беру орталықтары кесіпкерлерге жаңа несие беруден бас тартса, құзырлы органға шағымдану керек. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәди Тәкиев айтты. Маусым айында бизнес несиелерінің мерзімін ұзартудың тәртібі бекітілді. Енді 90 күнге дейін шегеруге мүмкіндік жасалды. Айта кетейік, өткен үш айда 3 млн астам қазақстандық 42 500 теңгеден жәрдемақы алған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 370 млрд теңге жұмсалған.