11 жастағы қыз анасының жерленген күнінде суға батып кетті
11 жастағы қыз анасының жерленген күнінде суға батып кетті
©Сурет интернеттен алынды
215
оқылды
Қайғылы оқиға 7 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысындағы Серебряков ауылында орын алған. Баланың мәйітін жағада отырған балықшылар тапқан. Айтуынша, олар сол маңда балық аулап отырған. Құтқарушылардың суға кеткен баланы іздеп жатқанын білген екен.
– Құтқарушылардың келгенін көрген соң, судан шығып, балалармен бірге орман жаққа барып келмекші болдық. Ал арғы шетте күйеуім досымен балық аулап отырған. Тоғайдан оралғанымызда күйеуім суда ағып келе жатқан мәйітті байқап қалғанын айтты. Жанындағы досын шақырып, оны екеуі судан шығарып алыпты, – дейді ауыл тұрғыны Светлана.
Оның сөзінше, оның 6 сыныпта оқитынын білмедік. Тіпті, сол күні анасы жерленген екен. Төтенше жағдай департаментінің мәлімдеуінше, 11 жастағы қыз баланың суға кеткені жайында хабар кешкі 18.00-де түскен. Оның мәйіті 3 сағаттан кейін табылды. Бірақ оның суға өлай батып кетені әлі белгісіз.