Лондонда белгісіз адамдар Месут Өзілге пышақпен шабуыл жасады
Лондонда белгісіз адамдар Месут Өзілге пышақпен шабуыл жасады
5,140
оқылды

Полиция күдіктілерді әлі тұтқындай алмаған

Лондонда белгісіз біреулер «Арсенал» клубының футболшылары Месут Өзіл мен Сеад Колашинацқа пышақпен шабуыл жасады.

Оқиға бейсенбі күні кешкі уақытта болған. Мотоциклге мінген екі белгісіз адам Өзілдің автокөлігінің ізіне түскен. Колашинац та көлік ішінде болған. Бейнежазбада белгісіз бір адамның пышақ алып көлікке қарай жүгіргені көрінеді. Бірақ Өзіл есікті жауып алған. Ал бірнеше секундтан соң бұзақылар өздеріне қарсы шыққан Колашинацқа қарсы жүгірген. Куәгерлердің айтуынша, Өзіл көліктен қашып шығып, жақын маңдағы мейрамханаға кіріп кеткен.

«Өзіл өте қатты қорқып тұрды. Өз өмірін құтқару үшін мейрамханаға жүгіріп кірді. Оның ізінен шлем киген, қара киімді адамдар түсіп алған» дейді куәгерлердің бірі.

Полиция мәліметінше, белгісіз адамдар футболшыларды тонамақшы болған. Екі ойыншы да зардап шеккен жоқ. Полиция күдіктілерді әлі тұтқындай алмаған. Дегенмен із кесу жалғасуда.

https://youtu.be/dDBgR6uAJLw