Екі жыл бойы Өзбекстанның қоқыс полигонындағы түтінге тұншыққан ауылдың проблемасы шешілді
Екі жыл бойы Өзбекстанның қоқыс полигонындағы түтінге тұншыққан ауылдың проблемасы шешілді
Фото: Интернеттен алынды
162
оқылды
Екі елдің шекарасында орналасқан Алпамыс батыр ауылы тұрғындарының проблемасын шешуге Nur Otan партиясының Келес аудандық филиалы араласқан. Партияның аудандық филиалына түскен хатта ауыл округінің Өзбекстан Республикасының қоқыс полигоны түтеп, халыққа далада демалу мүмкін емес болған еді. Аталған мәселе бойынша аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары А.Жұмабеков Өзбекстанның Ташкент ауданы әкімінің орынбасары Р.Хайдаровпен хабарласып, қоқыс полигонындағы түтінді тоқтату мәселесін көтерді. Нәтижесінде, үш күн мерзімде қоқыс полигонындағы түтін тоқтатылып, көрші ауылға тарамайтын болды. Өзбекстан тарапы алдағы уақытта да аталған келеңсіздікті жою мен оның қайталанбауы бойынша партияның аудандық филиалына хабарлап отыратынын жеткізген. Біз бұған дейін Алпамыс батыр ауылы тұрғындарының проблемасын жазған болатынбыз.