Өзбекстандықтар өз еліне өте алмай жатыр
Өзбекстандықтар өз еліне өте алмай жатыр
Фото: Интернеттен алынды
85
оқылды
Олар Түркістан облысының кеден бекетінен әрі аса алмай жүр, – деп хабарлайды AstanaTV. Себебі, ресми Ташкент рұқсат бермей отыр. Шекарада қалып қойған жұрт автотұрақты паналап жүр. Арасында еңбектеген баладан бастап еңкейген қартқа дейін бар. Өзбек азаматтарына жақын маңдағы ауыл тұрғындары ғана қол ұшын созған.
Өзбекстан Республикасының азаматшасы Шолпан Ізбасқанова: «Менің босанатын уақытым келді. Басқа жердің шекарасы жабық. Мен Ақтаудан келгем, осы жерден өтеміз деп келдік бірақ өте алмай жатырмыз әлі. Ешкім бізден хабар алмайды. Өзбекстан жабық дейді. Енді Қазақстан сау болсын, тамақ, су әкеліп беріп жатыр», – дейді.
Бұл мәселе байланысты Өзбекстан Республикасы бас консулдығының екінші хатшысы  Дильшод Сабиров: «Шекарадан өтетіндердің көптігіне байланысты Өзбекстан тарапы қосымша карантиндік аймақ құрып жатыр. Бүгін 397 адамды өткіземіз. Сонша орын ғана дайын болды. Орын босаса болды, өткізіп тұрамыз. Бірінші кезекте жүкті әйелдер, науқастар мен осында он күннен астам уақыт күтіп отырғандарды өткізетін боламыз, – деп отыр.