«Әр азаматтың қазасы жүрегіме қатты батады» – Тоқаев... Қазақстанда 9 рет Ұлттық аза тұту күні не үшін жарияланған?
«Әр азаматтың қазасы жүрегіме қатты батады» – Тоқаев... Қазақстанда 9 рет Ұлттық аза тұту күні не үшін жарияланған?
Коллаж: Жұмабек Айқынұлы
298
оқылды
Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын», – деді . Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тоғызыншы жағдай.  Бұған дейін...

2006 жылы 22 қыркүйекте Ленин (Шахтинск) атындағы шахтада жарылыс болған...

2006 жылы 20 қыркүйекте Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Ленин атындағы шахтада болған техноген апаты (ресми апат атауы ред.). Метан газының жарылуынан 41 кенші қаза тапты, жеті жұмысшы зардап шекті. Апаттан соң анықталғаны, астана уақыты бойынша сағат 8:56-да шахтада жарылыс болған. Жарылыс болған кезде шахтада 368 адам болған. Жарылыс толқыны 4 жарымға шақырымға дейін жеткен. Бір тәулік ішінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің денесін жер бетіне алып шықты. Араға уақыт салып, апат себебі анықталған соң, Қазақстанда қаралы күн жарияланды. Тергеуде шахтадағы апат үшін 8 инженерді жауапқа тартты. [caption id="attachment_56444" align="alignnone" width="800"]Ленин Фото: Интернеттен алынды[/caption]

2008 жылы 14-16 қаңтарда «Абай» шахтасындағы метан газы жарылып, 41 кенші қайтыс болуына байланысты аза тұтты

Метан газының жарылысы 400 метр тереңдікте болған. Апат кезінде шахтада 191 адам болған. Жарылыстан кейін өрт шығып, апат 30 адамның өмірін қиды. 161 шахтер жер бетіне шығарылды. Бірақ 14 адам түрлі дәрежедегі ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Көбісі мүгедек болып қалды. Апатқа кінәлі деген айыппен үш инженер-техникалық қызметкер тергеуде жауап берді. Қазақстанда үш күн Аза тұту жарияланды.   [caption id="attachment_56446" align="alignnone" width="800"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption]

2010 жылы 16 наурызда Қызылағаштағы су тасқынынан қаза тапқандар үшін Ту төмен түсірілді

Қызылағаш апаты – Қазақстан тарихындағы адам шығыны ең көп болған су тасқыны. Алматы облысы Қызылағаш ауылында наурыздың 11-нен 12-не қараған түні су тасқыны болды. Қайғылы оқиғадан ресми дерек бойынша 43 (кейде 45 деп айтылады – ред.) адам қаза тапты, оның ішінде 8 бала бар. 300 адам түрлі дәрежедегі жарақат алып, 1000-ға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. 146 үй бұзылды, 251 үй қиралы. 42 үй тұруға жарасыз болып қалды. Аза тұту күні 16 наурызда жарияланды.   [caption id="attachment_56447" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption]

2012 жылы 5 маусымда Арқанкергендегі қанды оқиғаға байланысты Қазақстан халқы аза тұтты

28 мамырда «Арқанкерген» шекара бекетінде 14 шекарашы мен қорықшы қаза тапты. Қылмыстың жасалуына жалғыз тірі қалған сарбаз – Владислав Челах кінәлі деп танылды. Қайғылы оқиғадан кейін Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 5 маусымында Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Осы оқиғаға байланысты 2012 жылы желтоқсанында Челах өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жазасын Қостанай облысы Жітіқара қаласы маңындағы «Қара бүркіт» колониясында өтеп жатыр.   [caption id="attachment_56448" align="alignnone" width="747"]Арқанкерген Ескерту: Фотоны ресми органдар жариялаған[/caption]

2012 жылы 27 желтоқсанда Шымкент маңында әскери қызметкерлер болған ұшақ құлады

2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент қаласына жетпей, Ан-72 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Оның бортында 27 адам болған, барлығы қаза тапты. Қаза болғандардың ішінде ҰҚК Шекара қызметінің басшысы Тұрғанбек Стамбеков болды. Ұзақ уақыт тергеуден кейні әуе апатына Шымкент әуежайының диспетчері кінәлі деген сот шешімі шықты. Оны төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сол кездегі облыс басшысы қазіргі Түркістан облысында Жаңа жыл мерекесін тойлауды тоқтатты. [caption id="attachment_56449" align="alignnone" width="810"]Шымкент Фото: Интернеттен алынды[/caption]

2013 жылы 31 қаңтар күні SCAT әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады

Алматыға жетпей Қызыл ту елдімекенінде болған апаттан бортта болған барлығы – 21 адам қаза тапты. Нақты айтқанда, 16 жолаушы және экипаждың 5 мүшесі. 2013 жылы 29 қаңтарда SCAT компаниясының Canadair CL-600-2B19 әуе кемесі Көкшетау – Алматы бағытымен DV760 жоспарлы ішкі рейсін орындаған. Бірақ Алматы әуежайына жақындаған тұста ұшақ апатқа ұшырап, жолаушыларды тірі алып қалу мүмкін болмаған. Тергеп, тексеру нәтижесінде, апатқа қайтыс болып кеткен ұшқыштардың қателігі себеп болды деген қорытынды ресми жарияланды.   [caption id="attachment_56450" align="alignnone" width="855"]Алматы Фото: Интернеттен алынды[/caption]

2016 жылы 9 маусымда Ақтөбедегі лаңкестік салдарынан 8 адам қаза тапқанда Қазақстан халқы аза тұтты

Террорлық әрекет салдарынан лаңкестердің қолынан 8 адам қаза тапты. Антитеррорлық операция кезінде 18 қылмыскердің көзі жойылды.  25 адамнан тұратын қаскөйлер «Паллада», «Пантера» қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасап, одан әрі ҚР Ұлттық ұланының №6655 әскери бөлімі аумағына баса-көктеп кірген. Құқық қорғау органдары лаңкестікке қатысы бар 30-ға тарты күдіктіні жауапқа тартты. Жеті адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен 29 сотталушының барлығы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін әртүрлі мерзімге сотталды.   [caption id="attachment_56451" align="alignnone" width="1200"]Ақтөбе Фото: Интернеттен алынды[/caption]

2019 жылы 28 желтоқсанда Алматы маңында BekAir әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады

2019 жылы 27 желтоқсанда таңертең Bek Air әуекомпаниясының ұшағы Алматы маңында құлады. Ресми түрде ІІМ 12 адамның қаза тапқанын хабарлады.  Әуе апатына қатысты тергеу әлі толық аяқталған жоқ. Қаза тапқандардың отбасына мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетілді.    width=

2020 жыл 13 шілдеде Қазақстанда COVID- 19 пандемиясынан қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін Ұлттық аза тұту күнін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялады.

Мемлекет басшысы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін әрбір азаматқа тек қана ресми ақпаратқа сүйеніп, дәрігерлердің кеңесіне жүгінуге шақырды. Дәрі-дәрмек тапшылығын туындатып, елді әуре-сарсаңға салып, дүрліктіргендер жауапқа тартылатынын айтты.