Тоқаев: Партия халықтың мәселесін шешуі тиіс
Тоқаев: Партия халықтың мәселесін шешуі тиіс
163
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады.

Бауыржан Байбек Қасым-Жомарт Тоқаевқа Nur Otan партиясының қазіргі жағдайы, мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастық тетіктерін жандандыру және Президент Әкімшілігімен бірлескен жұмыстарды қамтамасыз ету жайын айтты.

Өңірлерге жасаған сапарлардың қорытындысы, бастауыш партия ұйымдарымен жұмыс және партия қатарын тазарту мәселесін баяндады.

Партия мен халық арасындағы байланысты күшейтудің маңыздылығына тоқталды.

Президент партия мүшелерін ел өміріне белсенді атсалысуға және халыққа жақын болуға шақырды.

– Партия азаматтар үшін ашық әрі қол жетімді болуы, халықтың мүддесін қорғауы тиіс. Партияның қоғамдық қабылдаулары Президенттің виртуалды қабылдауымен тығыз байланысты болып, тұрғындардың мәселелерін шешудің шынайы тетігіне айналуы қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.