Мұрат Әбенов: Президенттің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерімен айналысуы ел үшін маңызды
Мұрат Әбенов: Президенттің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерімен айналысуы ел үшін маңызды
©Сурет интернеттен алынды
140
оқылды
 Мұндай пікірді «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті Мұрат Әбенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теледидарлық үндеуіне байланысты айтты. «Бірінші әрі үлкен мәселе – дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында жасанды түрде туындаған мәселе болатын. Бірақ соның арты  үлкен проблемаға ұласты. Тіпті, қайғылы жағдайларға әкеп соқтырды. Негізі дәрілердің тізімін алдын-ала ұсынуға болады ғой. Алайда, өкінішке қарай, Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектердің барлық сатылымын монополиялап алды. Барлық сатып алуларды «СК-Фармация»-ға біріктіріп, бірнеше ірі фармацевтикалық компаниялармен ғана жұмыс істейтін болған. Міне, соның кесірінен қол жетімді дәрі-дәрмектер бірнеше есеге азая түсті. Барлығын тек бір ұйым арқылы сатып алып отырды. Осыдан-ақ арадағы алыпсатарлық бюджеттік қаражатқа жүргізіліп жатқанын көруге болады. Ал дәріханаларға дәрі-дәрмектер қалай түседі десек? Ол жақ бақыланбайды. Бақыланса да бухгалтерлік есеп өтірік жасалған. Сондықтан олар бірнеше есеге қымбаттырақ сатылуда. Президенттің бұл қателіктерді Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы жібергенін байқап, оларды құқық қорғау органдары айналысатынын және жауаптылардың жауапқа тартылатынын айтқанын дұрыс көрдім. Сонымен қатар, Президенттің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелеріне жеке өзінің бақылауында болатыны мені қуантты. Бұл ел үшін өте маңызды" деді ол.