Баландин әлем чемпионатында жүлдесіз қалды
Баландин әлем чемпионатында жүлдесіз қалды
153
оқылды

22 жастағы спортшы әлемдік рекорд орнатты

Кореяда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин жүлде иелене алмады.

Оның сүйікті қашықтығы 200 метрге брасс әдісімен жүзу сынында ресейлік Антон Чупков алға озды. 22 жастағы спортшы 2:06.12 уақыт көрсеткішінде аталған қашықтықты жүзіп өтіп, әлемдік рекорд орнатты.

Чупков бұған дейін 2017 жылы да Будапеште өткен әлемдік додада алтын алған еді. Ал қазақстандық Дмитрий Баландин болса 2:08.25 уақыт көрсеткішімен жетінші орынға тұрақтады.

Екінші орынды австралиялық Мэтть Уилсон (2:06.68) еншілесе, үздік үштікті жапониялық Иппей Ватанабе (2:06.73) түйіндеді. Еске салсақ, 200 метрге брасс әдісімен жүзу сынында Рио олимпиадасында Баландин алтын медаль жеңіп алған болатын.

https://youtu.be/IsDQmD-kX6s