Андрес Иньеста «Барселонаға» қарсы ойнайды
Андрес Иньеста «Барселонаға» қарсы ойнайды
151
оқылды

Қос команда арасындағы кездесу 27 шілде күні болады

Жапониялық «Виссел Кобе» клубының жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста алда «Барселонамен» болатын жолдастық кездесуге қатысты ойын айтты.

«Барселонаға» қарсы ойнау – біздің клуб үшін үлкен құрмет. Бұл бәріміз ерекше ләззат алатын ғажайып матч. Әсіресе, мен үшін бұрынғы командаластарыммен алаңда кездесу қызық болмақ. Біз жақсы ойын көрсетіп, жанкүйерлерді риза қыламыз деп үміттенемін. 

"Біз әр ойын сайын өз стилімізді көрсетуге тырысамыз. Ал осы жолы жақсы ойнаймыз және жеңгіміз келеді. Ол үшін әрине мықты ойыншылар керек. Қазір клуб сол бағытта жұмыс істеп жатыр. Жақсы ойындардың арқасында деңгейді көтергіміз келеді» дейді Иньеста.


Қос команда арасындағы ойын 27 шілде күні болады.