Дәрі нарығындағы дүрбелең: «СҚ-Фармацияны» тексеру басталды
Дәрі нарығындағы дүрбелең: «СҚ-Фармацияны» тексеру басталды
Фото: Интернеттен алынды
«7 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «СҚ-Фармация» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады, тексеру 31 шілдесіне дейін жалғасады. Талдауды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және  СҚ-Фармацияның қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жүргізеді» делінген ресми хабарламада. Дәрі-дәрмекке жауапты компания жұмысын тексеруді халықтың арыз-шағымынан кейін қолға алды. Сондықтан «СҚ-Фармацияның» құзыретіне кіретін белгілі әкімшілік кедергілер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен мән-жайды білсеңіз, саапсыз қызмет, алыпсатарлық туралы мәліметтерді s.ayaganova@anticorruption.gov.kz, s.aidarbekov@sk-pharmacy.kz электронды мекенжайларына және 8-707-987-98-33 whatsapp байланыс нөміріне жіберуді сұрайды.