Күнбе күн әрбір адамның өмір үшін күресіп жатыр –
Күнбе күн әрбір адамның өмір үшін күресіп жатыр –
©Сурет интернеттен алынды
179
оқылды
Президенттің үндеуіндегі әрбір мәселе – әр азаматтың өміріне маңызды. Қазір мемлекет еліміздің әрбір азаматын қорғауда бәрін жасауда. Күнбе күн әрбір адамның өмір үшін күресіп жатырмыз. Осыны түсіне білуіміз қажет. «Бес саусақ бірдей емес» дегендей, елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды өз мақсатына пайдаланып жатқандар да бар. Соның салдарынан жалған ақпараттар таралып, ел арасында дұрбелең туғызуда. Сондықтан баршаға айтарым, тек ресми ақпаратқа сеніңіз. Оны күн сайын https://www.coronavirus2020.kz сайтынан көруге болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, алдағы апта шешуші  кезең болады. Бұл уақытта көп нәрсе қазақстандықтардың өзіне байланысты. Әсіресе, өзінің ғана емес, ағайын-туғанның өмірі мен денсаулығына қаншалықты алаңдауына қатысты. Сол үшін үй мен пәтерден шықпастан, қатаң санитарлық нормаларды сақтау қажет. Ол әрдір адамның өзіне байланысты. Біздің жауапкершілігіміз вирустың таралуын азайтады. Оған қоса, дәрігерлердің жүйелі түрде жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Әрқайсымыздың болашағымыз өз қолымызда. Осыны ұмытпай, өзіңіз бен жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!