Үшем дүниеге келді
Үшем дүниеге келді
Фото: Интернеттен алынды
167
оқылды
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жүкті әйел кесар тілігі операциясы арқылы босанды. Дәрігерлердің айтынша, ота сәтті өтті.
«Бірнеше минут айырмашылығымен дүниеге келген үш қыздың салмағы 2 келіден сәл асады. Салмағы аз болғандықтан нәрестелер бір тәулік бойы реанимация бөлімінде болып, кейін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды. Онда олар 8 күн жатты. Осы уақыт ішінде нәрестелер дәрігерлердің бақылауында болды»,– деді дәрігерлер.
Шала туған нәрестелердің денсаулығын қадағалаған және оларды күткен дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында анасы мен балалары үйіне шығарылды. Сондай-ақ, нәрестелерге күтім жасау, тамақтандыру бойынша кеңестер берілген. Қазір босанған ана мен сәбилердің жағдайы жақсы. Дәрігерлер әлі де қарап, көмектесіп отырады.