Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жүкті әйел кесар тілігі операциясы арқылы босанды. Дәрігерлердің айтынша, ота сәтті өтті.
«Бірнеше минут айырмашылығымен дүниеге келген үш қыздың салмағы 2 келіден сәл асады. Салмағы аз болғандықтан нәрестелер бір тәулік бойы реанимация бөлімінде болып, кейін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды. Онда олар 8 күн жатты. Осы уақыт ішінде нәрестелер дәрігерлердің бақылауында болды»,– деді дәрігерлер.Шала туған нәрестелердің денсаулығын қадағалаған және оларды күткен дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында анасы мен балалары үйіне шығарылды. Сондай-ақ, нәрестелерге күтім жасау, тамақтандыру бойынша кеңестер берілген. Қазір босанған ана мен сәбилердің жағдайы жақсы. Дәрігерлер әлі де қарап, көмектесіп отырады.