Қазақстанда коронавирусты емдеу хаттамасы оныншы рет ауыстырылды
Қазақстанда коронавирусты емдеу хаттамасы оныншы рет ауыстырылды
© сурет интернеттен алынды
Қазақстанда коронавирусты емдеу жөніндегі медициналық хаттаманы оныншы рет ауыстырған. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы хабарлады. ДСМ жетекшілер өткізген онлайн-брифингте қойылған журналистердің сұрағы бойынша, ресейлік дәрігерлер елде бұған дейін жүргізілген емдеу хаттамасын теріс деп бағалаған және алдыңғы карантин кезінде ДСМ ұстанған жүйе вируспен күресуге дайын болмаған.
«Денсаулық сақтау министрлігінің дайындығы жөнінде кеше Мемлекет басшысы бағасын берді. Енді біздің қазіргі ең басты міндетіміз – жағдайы ауыр адамдарға кереует орындарын әзірлеп, барлық хаттамаларға сәйкес емдеу, аппараттармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Министрліктің барлық жұмысы осы шараларды шешуге жұмылдырылады», - деді Ажар Ғиниятқызы.
Вице-министрдің айтуынша, елде коронавирусты емдеу хаттамасы ғалымдардың ұсыныстарын ескере отырып, осымен оныншы рет ауысқан.
«Бүгінгі клиникалық хаттама эпидемия басталғалы бері оныншы рет өңделіп, жаңарып, дүниежүзі ғалымдарының нұсқауына, тәржибелеріне байланысты жаңартылып отырды. Қазіргі хаттама Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хаттамасына сәйкес келеді. Кеше Ресейден келген әріптестер хаттамадағы емдеу жолдары дұрыс екенін айтты. Вирусқа қарсы кейбір тиімсіз дәрілер хаттамадан алынды. Соңғы апта ішінде рентген-диагностика жөнінде, ауруларды ауруханада ұстамай, рентген немесе КТ-мен қайта қарау жөнінде де жаңа нұсқаулар енгізілді. Оны біз қадағалап отырмыз. Клиникалық хаттаманы жасауға еліміздегі ең мықты ғалымдар, клиницист-дәрігерлер тартылды», - деп түсіндірді Ажар Ғиниятқызы.