Гарет Бэйл жаңа клубымен келісімге қол қою үшін Қытайға келді (видео)
Гарет Бэйл жаңа клубымен келісімге қол қою үшін Қытайға келді (видео)
5,156
оқылды

«Цзянсу Сунин» Қытай Суперлигасында алтыншы орында келе жатыр

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл «Цзянсу Сунин» клубымен келісімшартқа қол қою үшін Қытайға келді.

Қос тарап арасында өзара келісімшарт жасалған, енді тек кейбір мәселелерді шешу ғана қалыпты. Қытайда Бэйл жылына 22 млн еуро жалақы алмақ. Қазіргі келісім 3 жылға жасалған. Еске салсақ, ол «Реал» сапында 2013 жылдан бері ойнады. Биыл клубтық деңгейде 14 гол соғып, жеті нәтижелі пас берген.

Оның жаңа клубы Қытай Суперлигасында алтыншы орында келе жатыр. 19 кездесуде Космин Олэрою баптайтын ұжым 26 ұпай жинаған. 

Қазір бұл команда сапында бразилиялық футболшы Жоао Миранда да ойнайды.