Қазақстанда карантиннің ұзартылып-ұзартылмауы 2 апталық карантиннің нәтижесіне тікелей байланысты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтты.
«Карантин мерзімін созуға тоқталсам, әуел баста карантин енгізу туралы ұсыныс енгізілгенде бизнес қауымдастыққа қолайлы ету, сондай-ақ, аурудың тарауына жол бермеу шараларын күшейту мәселелерін қарастырдық», - деді А.Цой.Оның айтуынша, қазіргі шектеу шараларының нәтижесіне байланысты карантин уақытын ұзарту немесе ұзартпау шешімі қабылданатын болады.
«Карантин мерзімі туралы айтпастан бұрын 14 күндік инкубациялық кезеңді бітіріп алуымыз керек. Біз қазір алғашқы нәтижелерді қарап жатырмыз. Бірақ, нақты нәтижені екінші аптаның соңында білетін боламыз. Тек сол кезде ғана каратинді ұзартамыз ба, жоқ па деп нақты айта аламыз. Біз қазір өз ғалымдарымызбен, шетелдік мамандармен бірлесіп зерттеп жатырмыз», - деді министр.