Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлады Қазгидромет РМК. 10 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді. Сол күні күндіз Көкшетауда найзағай күтіледі. 10 шілдеде күндіз Нұр-Сұлтанда таңертең және найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпiнi найзағай кезінде 15 м/с жетеді. 10 шілдеде күндіз Қостанай облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Қостанай қаласында 10 шілдеде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. 10 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 42 градус қатты ыстық күтіледі. 10 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 18 м/с жетеді. Кей жерлерде 38-41 градус қатты ыстық сақталады. 10 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Өскеменде 10 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан cоғатын желдің екпіні нөсер кезінде 15-18 м/с жетеді. Семейде 10 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан cоғатын желдің екпіні нөсер кезінде 15-18 м/с жетеді.