Бұл туралы билеуші партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында айтты.
#BizBirgemiz республикалық акциясы аясында қарқынды жұмыс жүргізуді жалғастырамыз. ⠀ Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен өңірлік филиалдардың жұмысы мұқтаж азаматтарға атаулы көмек көрсетуге бағдарланды. Қоғамдық қабылдаулар онлайн режимде қызу жұмыс жүргізуде. ⠀ Елбасының бастамасымен соңғы 3 айда 550 мыңнан астам аса мұқтаж отбасыға, яғни отбасылық коэфициентін ескергенде 2 миллиондай адамға атаулы қаржылық көмек көрсетілді. Тағы 300 мыңдай отбасы азық-түлік себеттерімен және қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ 100 мың отбасыға 5 миллион маска таратылды. Осынау ауқымды жұмысқа «Jas Otan»-ның 5 мыңнан астам волонтері атсалысты. ⠀ Мемлекет басшысы үндеуінде атап көрсеткендей, қазіргі кезде қазақстандықтардың халқымыздың басына түскен сынаққа барынша сабырлық, төзімділік пен жауапкершілік танытуы маңызды. Ел Президентінің жанына топтаса отырып, бірлігімізді көрсететін кез, осы. Тек жұдырықтай жұмыла отырып қана бұл қатерді еңсереміз. ⠀ «Nur Otan» партиясы өзінің бүкіл ресурсын Мемлекет басшысының тапсырмаларына қоғамдық және партиялық бақылауды қамтамасыз етуге жұмылдырады", - деп жазды ол.