Пара алып жатқан жерінен ұсталған мемлекеттік қызметші өзенге секіріп кетті - видео

Пара алып жатқан жерінен ұсталған мемлекеттік қызметші өзенге секіріп кетті - видео

Пара алып жатқан жерінен ұсталған Текелі ауданы әкімі аппаратының басшысы өзенге секіріп кетті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік хабарлады. Ведомствоның мәлміетінше, қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Алматы облысы бойынша қызметі өңірдегі ҰҚК департаментімен бірлесіп, осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің директорынан «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында жүргізіліп жатқан Текелі қаласының аумағын абаттандыру туралы жасалған келісімшарт бойынша Қоғамның қызметіне жалпы қамқорлық көрсету үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді.

«Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысын әшкерелеу кезінде ол өз басын қауіп-қатерге тігіп, оқиға орнынан жасырынбақ болып, өзенге секіріп, жүзіп өтпек болған. Ол өзенге ағып кете жаздаған. Алайда ол оқиға орнында ұсталды», - делінген хабарламада.
https://www.youtube.com/watch?v=zGNGwIU-914&feature=emb_logo