Коронавирусты бумен емдеу қауіпті - мамандар
Коронавирусты бумен емдеу қауіпті - мамандар
© сурет инернеттен алынды
Коронавирусты емдеу кезінде ингаляция жасау қауіпті. Ас содасы қосылған судың буына ауыз мен мұрын қуысы күйіп қалуы мүмкін, - деп ескертеді Денсаулық сақтау министрлігі. 
Мамандардың айтуынша, соданың вирусты өлтіретіні туралы ешқандай ғылыми дәлел жоқ.  Әсіресе, вирустан өкпе қабынған жағдайда бумен емделуге болмайды. Ас содасына аллергия болуы да мүмкін. Квинке ісігі адам өміріне өте қауіпті. Ыстық бу жүрек-қан тамыры мен бүйрек ауруын асқындырады.
Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда 53021 адам коронавирус жұқтырса, 35137 адам сауықты, 280 адам қайтыс болған.