Бірқатар жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылады
Бірқатар жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылады
© сурет интернеттен алынды
5,139
оқылды
Коронавирустың одан әрі таралуына шектеу қою мақсатында бірқатар жолаушылар пойызының жүруі уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. 1) 2020 жылдың 9 шілдесінен бастап Алматы-2 стансасы бойынша № 29/30 «Алматы-2 – Атырау» пойызы 9 шілдеден Алматыдан жөнелтілсе, Атыраудан 11 шілдеден бастап жөнелтіледі. 2) 2020 жылдың 10 шілдесінен бастап Маңғыстау стансасы бойынша № 37/38 «Маңғыстау-Нұр-сұлтан Нұрлы жол» пойызы Маңғыстаудан 10 шілдеден бастап жөнелтілсе, келетін/жөнелтілетін Нұр-сұлтан Нұрлы жолдан 12 шілдеден жөнелтіледі, ал Маңғыстауға 14 шілдеден бастап келеді. 3) 2020 жылғы 10 шілдеден бастап Маңғыстау стансасы бойынша № 309/310 «Маңғыстау-Ақтөбе» пойызы Маңғыстаудан 10 шілдеден бастап жөнелтілсе, келетін/жөнелтілетін Ақтөбеден 11 шілдеден жөнелтіледі, ал Маңғыстауға 13 шілдеден бастап келеді. 4) 2020 жылдың 10 шілдесінен бастап Маңғыстау стансасы бойынша № 657/658 «Маңғыстау – Бейнеу» пойызы Маңғыстаудан 10 шілдеден жөнелтілсе, келетін/жөнелтілетін Бейнеуден 11 шілдеден жөнелтіледі, ал Маңғыстауға 12 шілдеден бастап келеді. 5) 2020 жылдың 11 шілдесінен бастап Алматы-2 стансасы бойынша № 77/78 «Алматы-2-Маңғыстау» пойызы Алматыдан 11 шілдеден бастап жөнелтілсе, Маңғыстаудан 14 шілдеден бастап келеді/жөнелтіледі, ал Алматы-2 стансасына 17 шілдеден бастап келеді. 6) 2020 жылдың 13 шілдесінен бастап Маңғыстау стансасы бойынша № 77/78 «Маңғыстау-Алматы-2» Маңғыстаудан 13 шілдеден бастап жөнелтілсе, Алматыдан 16 шілдеден бастап келеді/жөнелтіледі, ал Маңғыстауға 19 шілдеден бастап келеді. Аталған пойыздарға билет алып қойған жолаушыларға билет құны толық қайтарылады. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге болады. Шешім мемлекеттік комиссияның 2 шілдедегі шешіміне, Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хаты негізінде шығарылған және пойыздар осы шешімнің күші жойылғанға дейін тоқтатылады.