Ел намысын Ержан Максим қорғайды
Ел намысын Ержан Максим қорғайды
221
оқылды

Әнші Ержан Максим «Junior Eurovision – 2019» байқауында бақ сынайды.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев фейсбуктағы парақшасында жазды.

«Қазақ баласы «Junior Eurovision – 2019» халықаралық ән байқауына қатысатын болды. 
Дүниежүзі назар аударатын ән додасы 2019 жылдың 24 қарашасында Польшаның Гливице қаласында өтеді. «Хабар» агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағындағы мүшелігінің нәтижесінде, Қазақстан өкілінің осы байқауға қатысу туралы берген өтініші қабылданғанын айта кету керек. 
Биылғы байқауда біздің елдің намысын дарынды баламыз Ержан Максим қорғайды. 
Қазақстан балалар Евровидениесіне биыл екінші рет қатысқалы отыр. Өткен жылы Минск қаласындағы байқауда жерлесіміз Данэлия Тулешова өнер көрсеткен еді» деп жазды министр.