Түркістан облысында 5 421 адам пневмония дертіне шалдықты, 46 науқас қайтыс болды. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев хабарлады.
"Бізде пневмония дертіне шалдыққан адамдардың саны 5 421-ге жетті. Оның ішінде 2 933 науқас, яғни 54 проценті сауығып шықты. Өкінішке қарай, коронавирустан 11, пневмониядан 46 адам қайтыс болды. Жақындарынан айырылған адамдарға өз атымнан, облыс жұртшылығы атынан қайғырып көңіл айтамын", – деді Шөкеев онлайн брифингте.Айтуынша, облыста 2 079 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде ең көбі Түркістан қаласында – 602 адам, Кентау қаласында – 415 адам, Сайрам ауданында – 262 адам тіркеліп отыр. 1 911 адам, оның тоғызы – бала стационарлық бақылауда жатыр. Өткен тәулікте 28 адам індетке шалдыққан, өсім 1,4 процентті құрады.