Үндістанда коронавирусты жұқтырғандардың күнделікті өсімі 20 мыңнан азаймай тұр. Ал расталған дерек саны 800 мыңға жуықтап тұр. Алайда сарапшылар науқастар саны әлдеқайда жоғары болуы мүмкін дейді. Өйткені елде 10 миллион тест қана жүргізілген. Бұл – халқы миллиардтан асатын мемлекет үшін төмен көрсеткіш. Науқастар санының көптігіне байланысты ауруханаларда орын тапшы. Сол себепті Нью-Дели мен Мумбаида уақытша госпитальдер кеңсе орталықтарында құрылып жатыр. COVID-19 кесірінен мұнда 200 мыңдай балаға жоспарлы екпе салынбаған. Одан бөлек туберкулезді емдеу деңгейі төмендеген. Ал мамандар Үндістанда вирус шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ деп отыр.