Демалыс күндері Алматыдағы Төле би көшесі жабылады
Демалыс күндері Алматыдағы Төле би көшесі  жабылады
©Сурет интернеттен алынды
137
оқылды
Бұл жайында Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы хабарлады.
Олардың мәлімдеуінше, 11 шілде таңғы сағат 8:00-ден 13 шілде таңғы 6:00-ге дейін Төле би көшесінің бойымен С.Қожамқұлов көшесінен Ә.Шәріпов көшесіне дейін жол жабылады.
Уақытша шектеу осы көшедегі магистраль құбырын ауыстырумен байланысты. Алматы инженерлік желілерін қайта жаңарту – тозған құбырларды заманауи құбырға ауыстыру, қалалық жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысын жақсарту. Басқармадағылар бұл қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, аталған учаскі бойынша айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұрайды.