Сыйлық 1997 жылдан бері табысталып келе жатыр
«Ювентус» шабуылшысы Роналду испаниялық Marca газетінің «Аңыз» сыйлығына ие болды.
Марапаттау рәсіміне мадридтік «Реалдың» президенті Флорентино Перес пен Роналдудың агенті Жорже Мендеш те қатысқан. Сыйлық португалиялық шабуылшыға оның ғұмыр бойғы карьерасын бағалау есебінде табысталған.