Халық бойына сенім құю маңызды
Халық бойына сенім құю маңызды
167
оқылды
Мемлекет басшысы: «Алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ» деп ашығын айтты. Өкінішке қарай, карантин шараларын жаппай сақтамау, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығының жүйелі қателері, әкімдердің әбжіл қимылдамауы кесірінен сырқат саны күрт өсіп, пандемияның екінші толқыны басталды. Кейбір ынсапсыз алыпсатарлар күрделі жағдайды пайдаланып, пайдаға кенелуге тырысып жатыр. Олар жасанды түрде дүрбелең туғызып, қажетті медициналық препараттарға бағаны көтеріп жіберді. Президенттің тапсыр­масымен құқық қорғау органдары осы қарау ниетті жандарды жауапкершілікке тартуға кірісті. Әкімдіктерге қоғамдық рейдтер жүргізіп, оның фактілерін әш­керелеу жүктелді. Мемлекет басшысы жағдайды тұрақтандыру үшін нақты не істелетінін де қолмен қойғандай көрсетіп берді. Елге айқын әрі нақты ақпарат ұсынылатын болады. Халық мемлекетке сенуі үшін осылай жасау керек. Ең бастысы, Президент ешкім де жамандықпен жалғыз қалмайтынын, мем­лекет әрбір қазақстандықтың өмірі мен денсаулығы үшін күресетінін қа­дап айтты. Бүгінде бұқараға сенім бере сөйлеу – өте маңызды.  

Елдос СЕНБАЙ