Үлескерлер мәселесі шешіле ме?
Үлескерлер мәселесі шешіле ме?
259
оқылды

Бас қаланың әкімі Алтай Көлгінов үлескерлермен кездесті.

Нұр-Сұлтандағы Абай көшесі 13/1 мекенжайында орналасқан екі мұнаралы «Столичный-2» тұрғын үй кешеніне барды. Мұнда үлескерлердің жалпы саны – 206 адам. Инвестор екінші кезектегі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, «Мемсараптама» РМК-ға тексеруге жіберді. «Столичный-2» тұрғын үй кешеніндегі негізгі мәселе – жобаға авторлық құқық берілмеген. Үлескерлердің айтуынша, пәтерге қарағанда адамның саны көп. 
– Маусым өтуде. Біз уақытты бос жіберіп алмауымыз керек. Проблемалық мәселелер жинақталуда, біз мәселенің басын ашатын боламыз. Күн сайын жоспарға сай жұмыс істелуі қажет. Ең бастысы, жұмыс тоқтап қалмауы тиіс, – деді Алтай Көлгінов.

Бас қалада жалпы аяқталмаған 51 нысан бар.