Тоқаев мектептердің алдағы жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады
Тоқаев мектептердің алдағы жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады
© сурет интернеттен алынды
114
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрліктен балалар 1 қыркүйектен қалай оқитынын сұрады.
«Үкіметке жыл соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл халқымыздың 99,3 пайызын қамтиды. Қашықтан оқыту кезінде инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелер туындады. Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмады», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сонымен бірге  Президент Білім және ғылым министрлігінен оқу жылына дайындығын сұрады.
«Бұл – әкімдіктер мен министрліктің жұмысының нәтижесі. Әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауға тиіс. 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Министрліктің бұл оқиғаға дайындығына күмәнім бар. Балалар қалай оқиды – мектепте немесе қашықтан? Мұғалімдердің жаңа оқу жылына дайындығы қандай?», - деп сұрақ қойды Мемлекет басшысы.
Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс жүйесі арқылы өтті.