Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталығына келген әйел босанып қалды
Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталығына келген әйел босанып қалды
188
оқылды
Оқиға Алматының Жетісу ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығында болған. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуге тұруға келген келіншектің аяқ-асты толғағы қысқан. Кейін орталық басшысы әйелді кабинетіне кіргізіп, дереу жедел-жәрдем шақырған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК басқарушы директоры Мұрат Жұманбай хабарлады.
«Оған алған талоны бойынша сағат 12:00-де қызмет көрсетілу керек болған. Бірақ 10 минут өткенде толғақ қысқан. Мұны көрген ХҚО басшысының міндетін атқарушы Қалмырза Сейітбеков толғағы келген әйелді өз кабинетіне апарып, жатқызған. Сосын жедел жәрдем қызметін шақырған. Алайда, перзентханаға жету кеш болғандықтан, жедел-жәрдем дәрігерлері әйелді сол жерде босандырып алған», - деп жазды ол.
Мұрат Жұманбайдың айтуынша, алматылық тұрғын осымен үшінші баланы дүниеге әкелген.