Тоқаев: Пандемияға қатысты барлық шешімдерді жедел қабылдауымыз керек
Тоқаев: Пандемияға қатысты барлық шешімдерді жедел қабылдауымыз керек
© сурет интернеттен алынды
148
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2 апталық карантин оң нәтиже беретініне үміт артты.
"Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды", - деді Тоқаев. 
Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазіргі эпидемиологиялық ахуалға қатысты барлық шешімдер жедел қабылдануы керектігін ескертті.
"Бұл төтенше жағдай болғандықтан, пандемияға қатысты барлық шешімдерді жедел қабылдауымыз керек. Денсаулық сақтау министрінің ұсыныстары мен талаптары Үкіметтің өзге мүшелері мен әкімдер үшін бірінші кезекте орындалатын міндет болуға тиіс", - деп Үкімет мүшелері мен әкімдерге коронавирусқа қатысты жағдайды жіті бақылауға алуды тапсырды.