Елордада дезинфекциялық жұмыстар жалғасуда. Адам көп жиналатын орындарға: саябақтарды, тынымбақтарды, бульварларды және т.б. дезинфекциялауға ерекше көңіл бөлінеді, - деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. Дезинфекциялау жұмыстары жаяу тәртіпте де, арнайы машиналардың көмегімен де жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ сауда ойын сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, базарлардың басшылары санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес өз аумағында дезинфекция жүргізуі тиіс. Қалада барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақ дезинфекцияланды. Естеріңізге сала кетейік, 5 шілдеден бастап мемлекеттік комиссияның шешімімен эпидемиялық ахуалды тұрақтандыру үшін екі аптаға шектеу шаралары енгізілді. Қала тұрғындары санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек. Маска тағып, антисептиктер қолданып, әлеуметтік қашықтықты сақтаған жөн.