«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен фермерлерге 21,1 миллиард теңге беріледі
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен фермерлерге 21,1 миллиард теңге беріледі
178
оқылды
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында «Аграрлы кредиттік корпорация» АҚ  «Қарапайым заттар экономикасы» (ҚЗЭ) бағдарламасы бойынша 563 кәсіпкерді қаржыландырды, - деп хабарлады «Аграрлы  кредиттік  корпорация» АҚ баспасөз қызметі. Бұл бағдарлама бойынша жеңілдетілген несиенің пайыздық мөлшерлемесі жылына 6%-ды құрайды. Мемлекеттік қолдау шараларының көмегімен фермерлер айналыстағы қаражатын толықтырып, мал алып, техника және жабдықтарды сатып алды, өз кәсіпорындарында құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, 1142 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілді.
«ҚЗЭ бағдарламасына қатысқан ауыл шаруашылығы өндірушілері 16,6 мыңнан астам ірі қара, 30 мыңдай қой-ешкі, 11,5 мың жылқы, 367 түйе сатып алды. Сонымен қатар несие 130 бірлік ауылшаруашылық техникасын, өнімді өңдеуге және шығаруға арналған жабдықтардың 73 бірлігін сатып алуға жұмсалған. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша берілген несиелердің жалпы сомасы шілденің басында 21,1 млрд теңгені құрады. Бұған қоса, тағы қаржыландыру үшін 165 өтінім қарастырылуда», - деді «ҚазАгро» холдингінің «Аграрлы кредиттік корпорация» АҚ басқарушы директоры   Айболат Абенов.
Қаржыландырылған жобалардың бірі Батыс Қазақстан облысындағы жылыжай кешені. Аграрлы кредиттік корпорациясы оның құрылысына «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несие берді. 12 га алаңда «hi tech» технологиясының көмегі арқылы ГМӨ, сондай-ақ пестицидтер мен гербицидтер қосылмаған табиғи таза көкөністер өсірілетін болады. Кәсіпорынның қуаты жылына 8 мың тоннадан астам өнімді құрамақ. Жаңа піскен көкөністер  қазақстандық нарыққа шығарылады және де таяу шетелге экспортталатын болады. Агроөндірістік кешенді дамыту Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басымдық берілген міндет. Аграрлы кредиттік корпорациясы экономиканың бұл саласын қаржыландыру бойынша көшбасшысы.