«Nur Otan» партиясы көпбалалы отбасыға көмек көрсетті
«Nur Otan» партиясы көпбалалы отбасыға көмек көрсетті
5,167
оқылды
"Nur Otan" партиясына Павлодар облысы Тереңкөл ауылының тұрғыны, көпбалалы ана хабарласып, "Birgemiz" акциясы аясында көмек көрсетуді сұрады. Айтуынша, отбасындағы бес баланың екеуі бала жасынан мүгедек екен. Отағасы ауылда жүк тасымалдаушы болып жұмыс істейді. Көпбалалы ананың өзі волонтерлық қызметпен айналысады. Карантин шараларының күшейтілуі отбасының табысын азайтып, қиындықтарға ұшыратқан.
Партияның "Бақытты отбасы" жобасы және "Biz Birgemiz" акциясы аясында көпбалалы отбасыға  50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
Көпбалалы отбасы нұротандықтарға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.