Ислам қаржы жүйесіндегі үздік әйел
Ислам қаржы жүйесіндегі үздік әйел
180
оқылды

Осыдан бір ай бұрын Біріккен Араб Әмірлігінің туристік және сауда орталығы – Дубайда «Ислам бизнесі мен қаржы жүйе­сіндегі әйел» (WOMANi) атты салтанатты жиын өтті. Cambridge IFA британ қаржы үйіндегі сол басқосуда ислам қаржы жүйесіндегі үздік әрі ықпалды 300 әйелдің тізімі жария­ланды. Олардың арасында қазақстандық Мәдина Тукулова 31-орыннан көрінді. Ислам қаржыландыру жүйесінің елімізге келгеніне небәрі он жыл болғанын ескер­сек, бұл біз үшін үлкен жетістік.

Еуропа, Орталық Азия, Аф­рика, Қытай, Таяу Шығыс, Оң­түс­тік Азия және ASEAN ай­ма­ғын­дағы ислам қаржыландыру жүйе­сінде жетістікке жеткен ық­палды әйелдер тізімін құру ке­зін­де үміткерлер еңбек ететін ком­панияның нарық сек­то­рын­дағы ықпалы мен үміткердің көш­басшылығы ескерілген. Ба­ғалау үш факторға негізделген: үміт­кердің кәсіби көшбасшылық қы­ры, ақпараттық-ағартушылық қызметі және өз саласында мойын­далуы.

– Биыл WOMANi ислам биз­­­­несі мен қаржысындағы ең ық­пал­ды әйелдер көшін Датук Но­рипе Камсо бастады. Ислам қар­жыландыру саласындағы ха­лық­аралық қайраткер атанған Да­тук Норипа – бизнесте, ин­вес­тициялық банкинг пен ак­тивтерді басқару саласында 29 жыл­дық тәжірибесі бар білікті ма­ман. Қазіргі таңда ол Малай­зия­дағы Rakyat банкін бас­қара­ды. Екінші орынға малайзиялық университеттердің біріндегі Бух­галтерлік зерттеу институтының директоры, профессор Норма Омар жайғасты. Үшінші орын профессор Энгку Рабия Адавия Али­ге берілді, – дейді Мәдина Тукулова.

Біздің кейіпкер көп жылдан бері ислам қаржыландыру жүйе­сін­де еңбек етіп келеді. Ол 2009 жы­лы қабылданған Ислам қар­жыландыру жүйесі туралы заң жобасын жасауға қатысқан­дар­дың бірі. Бүгіндері Астана ха­лық­аралық қаржы орталығы әкім­шілігінің Ислам қаржы мен биз­несі хабының бас менеджері қыз­метінде.

– Елімізде Ислам қаржы­лан­дыру жүйесі туралы заң қабыл­дан­ған соң да бірнеше заңмен жұ­мыс істедік. Ол кезде Алматы қа­­ласының аймақтағы қаржы ор­талықтарының жұмысын рет­теу агенттігінде істейтінмін. Бұл агент­тік Ұлттық банктің құра­мын­да болды, кейін департ­а­мент­ке айналды. Бүгінгі таңда елі­мізде екі ислам банкі жұмыс іс­тейді, Әл-Хилал мен Заман-Банк ислам банктері. Әл-Хилал банкі қызметін 2010 жылы бас­та­ғанын білесіз, Қазақстан және ТМД аумағында жұмысын баста­ған ең алғашқы ислам банкі са­налады. Нұр-Сұлтан, Алматы жә­не Шымкент қалаларында бө­лімшелері бар. Заман-Банк дәс­түрлі банктен ислам қаржы жүйе­сіне конвертацияланған банк. Бас кеңсесі – Екібастұз қа­ласында. Сондай-ақ елімізде исламдық лизингтік компания­лар да бар. Соның бірі – Kazakhstan Ijara Company 2013 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Екіншісі 2017 жылдың басында дәстүрлі лизингтік компаниядан ис­ламдық жүйемен қайта құ­рыл­ған Al Saqr Finance компаниясы, – дейді Мәдина Тукулова.

Оның айтуынша, Астана қар­жы орталығының бір бағыты – исламдық қаржыландыруды да­мыту. Себебі, бүгіндері исламдық қар­жы нарығы жедел дамып ке­леді. Былтыр ислам қаржы жүйе­сінің әлемдегі үлесі 2,5 трлн АҚШ долларын құрады. Әлемде болып жатқан қаржы дағдарысы да ислам қаржы жүйесін айналып өткен. Сол себепті, исламдық қар­жы құралдарына мұсылман емес мемлекеттер де қызығушы­лық танытып отыр. Батыстағы исламдық қаржы саласындағы көшбасшы ел – Ұлыбритания. Англияда 20-дан астам қаржы институты исламдық қаржы өнімдерін ұсынып отыр.

Мәдинамен исламдық қар­жы­ландыру жүйесі туралы үзіліс­сіз сөйлесуге болады. Еліміздегі ислам қаржы жүйесін дамытуға ерте араласқан маманның ай­тары көп. Бұған әлемдегі ислам қар­жы жүйесіндегі үздік үш жүз әйел­дің арасынан табылуы дәлел де­сек, қателеспейміз.


Халима БҰҚАРҚЫЗЫ